{module Сухой бассейн 2014}
«Шұғыла» Қоғамдық қоры кезекті қайырымдылық көмегін жасады. Алматы қаласы, Алмалы ауданына қарасты мүгедек балаларды оңалту және бейімдету орталығына құрғақ бассейін берді. Жалпыға белгілі, ішіне шариктер салынған құрғақ бассейіндер денсаулық сақтау жүйесі мен балаларды физикалық сауықтыру жағынан өте пайдалы. Бассейінге түсе отырып бала өзінің қан айналым жүйесіне жағымды әсер ететін массаж қабылдайды. Құрғақ бассейіндегі ойындар баланың психикасы мен сана-сезімінің дамуына оң ықпалын тигізеді. Құрғақ бассейіндегі шариктермен ойнау баланың қимыл-қозғалысын арттырып, бойын ширата түседі.
Жаны жабырқаңқы балаларды қуантқанға не жетсін!