Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Игілік мекені» Астанада

{module ЛАВКА ДОБРА В АСТАНЕ} 

2013 жылдың 1 мамыр күні қорымыздың Астана қаласындағы филиалы «Хан Шатыр» сауда орталығында «Игілік мекені» атты қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Бұл күні «Хан Шатыр» сауда орталығының ішіндегі алаң ерекше бір нұрға және адамдардың мейірімділігіне кенелді. Алматыда өткен жәрмеңкедегідей, барлық тағамдар еріктілер мен демеушілер тарапынан тегін дайындалды. Осындай жәрмеңкелерді керемет дәстүрге айналдырып, мұқтаж адамдарға көмектесіп қана қоймай, жүректердегі мейірімділік және қол ұшын созу сезімін оятып, баршаға осындай игілікке ортақтасу арқылы мағыналы күн ұйымдастыру – жәрменкенің мақсаты. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат мүмкіндіктері шектеулі балаларға қайырымдылық көмек ретінде бағышталады.

Жәрмеңкеге үлкен үлес қосқан барлық еріктілерге, қонақтарға және сауда орталығының әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз – рахмет сізге!