Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Жанұяға жылу сыйла» шарасы Алматыда

{module Акция «Подари тепло» в Алматы 13.12.13}

Осы жылдың 7-15 желтоқсанында қорымыз «Жылу сыйла» атты көмір тарату қайырымдылық шарасын өткізді. Шара барысында Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Қарасай аудандарының жағдайы нашар 139 отбасының мекен-жайына көмір жеткізілді. Қиын жағдайға душар болған әрбір отбасыға бір тонна көмірден берілді.

Осы отбасылардың шын жүректен айтқан алғыстары шараға қатысқан барлығымыздың жанымызға жылу сыйлады. Көмектескен жандарға рахмет айтамыз!