Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Ең керемет күн» Алматы

{module Лучший день 23.12.2014}

      Құрметті достар 2014 жылғы ең соңғы «Ең керемет күн» атты жобамыз аяқталды! Бұл жоба 23 желтоқсан Алматы қаласында Еңбекшіқазақ ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатында тұратын жетім және қиын отбасыдан шыққан балаларға арналып өткізілді. Таңғы 10:00-ден бастап кешкі 16:00-ге дейін қорымыз және осы жобаның еріктілері балаларға қызықты және ұмытылмас ертегідей ең керемет күн сыйлады!
     Жобамыз 2 бөлімнен тұрды:
   1-ші – «MegaAlmaty» орталығында кішкентай қонақтармызға HappylonMagicPark аттракциондар паркінде содан кейн KFC фудкортында 2-ші таңғы ас, MegaIce мұз айдынында және Skaladrom жарға шығу жерінде сонымен қоса Megavozik паровоздарында экскурсия ұйымдастырылды.
  Ал 2-ші бөлімі «АлтынХолл» ресторанында аниматор, клоундардың бағдарламасы қойылып, еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен ән шырқалып, Құрманғазы атындағы ҚР Ұлттық Консерваториясының жас күйшілерінің өнерін тамашалап, Мерекелік ас ұйымдастырылды. Соңында әр балаға жеке сыйлық беріп, қонақтарымызды интернатқа шығарып салдық! «Ең керемет күн» атты жобаны «Хабар» және «ТАҢ» телеканалдары балалардың қуанышын түсіріп, репортаж жасап кетті.
    Жобамызға қатысқан еріктілерге, HappylonMagicPark, KFC, MegaIce, Skaladrom, Megavozik ұжымына және де ұйымдастыруға өз үлесін қосқан барлық адамдарға өз алғысымызды білдіреміз!