Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Нұрасыл Жұмағұлов үшін жәрдем жинау шарасы

 {module Сбор пожертвований для Нурасыла Джумагулова 10.08.13 (2)}

2013 жылдың 5 тамызында қорымыз Астанада Нұрасыл Жұмағұловтың емделуіне қажет қаражат жинау үшін ұйымдастырылған қайырымдылық кешін өткізді. Бұл бала туралы бұдан бұрын сайтымызда жазған болатынбыз. Нұрасыл сал ауруымен, спастикалық тетрапарезбен ауырады, өкінішке орай отбасының оны емдеуге қаражаты жоқ. Біз осы балаға көмек көрсету үшін жәрдем жинауды шештік. Біз бұл игі іс қайырымды адамдардың арқасында жүзеге асты деп білеміз, сондықтан осы кешке келіп, көмек көрсетуге атсалысқандарға алғысымызды айтамыз.

Бұл шара Хазрет Сұлтан мешітінің мейрамханасында өтті. Мейрамхананың залы жанашырлық танытып келген қонақтарға толы болды. Отандастарымыздың белсенділігіне ризалығымызды білдіріп, алдағы уақытта басқа да жобаларымызда қолдауларын көреміз деп үміттенеміз. Қайырымдылық кешке барлығы 460 адам қатысты. Бұл кеште конверт арқылы жәрдем жинау тәжірибесін жалғастыруды жөн көрдік. Құрметті қонақтарымыздың арқасында Нұрасылдың еміне 1 185 615 теңге жиналды. Енді біз баланың емі мен сауықтыру шараларын ұйымдастырамыз, бұл туралы сайтымыздың жаңалықтарынан біліп тұрасыз.

Хазрет Сұлтан мешіті мен мейрамханасының әкімшілігіне ерекше алғысымызды білдіреміз.