Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Алтынсарин» атындағы шәкіртақы

благотворительная образовательная стипендия благотворительная образовательная стипендия

Мақсат:

Бұл бағдарлама еліміздің барлық аймақтары бойынша оқуға қабілеті жоғары, бірақ әлеуметтік жағдайы төмен студент жастарға шәкіртақы тағайындау үшін жасалған. Еліміздің жарқын болашағы білімді жастардың қолында. Жас ұрпаққа білім беруге жағдай жасау – елінің келешегін ойлайтын әр азаматтың ел алдындағы борышы.

Шәкіртақы кімдерге беріледі:

-Ата-анасы немесе олардың бірі болмаса да оқу үлгерімі жақсы студенттерге;
-Ата-анасыз, туысқандардың көмегінсіз өсіп келе жатқан, білім ордаларында қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өзін жақсы қабілетімен танытқан студенттерге;
-Әлеуметтік көмекке зәру дарынды, талантты, парасатты студенттерге.

Қадағалау механизмі:

Жиналған шәкіртақыны сайттың осы парақшасынан көре аласыз. Көмек көрсетуші көмектің қорға түсіп-түспегенін сайттан бақылай алады. Шәкіртақы иегерлерінің тізімі 2016 жылдың қазан айында жариаланады.

Осы уақытқа дейін жиналған қаражат: 3 600 000 тг.