1 Маусым күні Алматы облысы, Талғар қаласындағы мүгедек балаларға арналған үлкен мереке өтеді. Халықаралық балаларды қорғау күнінде шамамен 40 бала «Шұғыла» қоғамдық қорының «Бәрі де балалар үшін» атты дәстүрлі науқанына қатысады. Сол күні балаларды Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына апару, «Керемет» кафесінде дәмді түскі ас беру, ойындар мен басқа да қызықтар күтеді.
Әрине, ол балалардың ешбірі сыйлықсыз қалмақ емес. Осы мақсатта Қор мүгедек балалар тағдырына бей-жай қарамай, көмек жасауға шақырады. Сіздің қаржылық көмегіңіз балаларды бір марқайтып, мәре-сәре етіп, қуантып тастары анық!