Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Мектепке жол» Шымкент қаласында

 {module Пора в школу Шымкент 2014}

     «Шұғыла» қоғамдық қорының «Мектепке жол» атты акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысындағы жағдайы нашар отбасылардың балалары мектепке керекті заттармен қамтамасыз етілді. Осы жылдың 24 тамызынан бері 49 жанұядан 129 бала кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді. Мектепке керекті заттар Шымкент және Сайрам аудандарында таратылды. Әсіресе, «Достық» ықшам ауданындағы жағдайы нашар отбасылар көбірек қамтылып, 54 бала мектепке керекті заттарды иеленді.

ОҚО «Мектепке жол» акциясы өткізілген орындар:

1. Шымкент қ. «Достық» ы.а. (22 отбасы, 54 бала).
2. Шымкент қ. Қазығұрт ы.а. Құрсай е.м. (14 отбасы, 39 бала)
3. Шымкент (1 отбасы, 6 бала).
4. Шымкент қ. Шұбарсу е.м. (1 отбасы, 2 бала)
5. ОҚО, Сайрам ауданы, Қаратөбе е.м. (4 отбасы, 8 бала); Қарабастау е.м. (1 отбасы, 4 бала); Бадам-1 е.м. (2 отбасы, 5 бала); Жұлдыз е.м. (3 отбасы, 8 бала); Жалын е.м. (1 отбасы, 3 бала).

     «Мектепке жол» акциясында жағдайы нашар отбасыларға көмек берген кісілердің барлығына шынайы алғыс білдіреміз.