Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Мектепке жол» жобасы Алматы облысында 15-16.08.2015

{module Пора в школу Алматы 2015-08-15_16}

«Мектепке жол» жобасы Алматы облысында 15-16.08.2015

Балалар күн санап есейіп келеді, міне, көп ұзамай олар жаңа өмірдің табалдырығын аттағалы жатыр. Мектепке баратын күн жақындап қалды. Алайда кейбір ата-аналар үшін баласына мектепке қажетті құрал-жабдық алып беру үлкен уайым, ал бірнеше баласы бар жанұяларға мектепке дайындалу орасан зор қиындық туғызады. Осындай тұрмысы нашар отбасыларға сіздер жәрдем бердіңіздер.

Сіздердің көмектеріңіздің арқасында біздің қорымыз – Шұғыла үстіміздегі жылдың 15-16 тамызында Алматы облысының бірнеше ауданындағы (Жамбыл, Қарасай, Еңбекшіқазақ) 321 оқушыға оқуға базарлық ретінде сый-тарту жасап, оларға қуаныш сыйлады. Сый-тарту жасалған әрбір ата-ананың көзінен мейірім шуағы төгіліп тұрды, ал балалар болса, тезірек қорапты ашуға асықты, өйткені онда сөмке, дәптер, күнделік, пенал, қаптағыш, сызғыш, бояғыштар, фломастер, сурет дәптері, түрлі-түсті қағаздар секілді 33 түрлі мектеп құрал-жабдығы болды. Ересек балалар жасалған жұмысқа алғыс білдірді, ал бүлдіршіндер зор қуанышқа бөленді, себебі олар аға-әпкелерінен қалған ескі-құсқы заттармен мектепке бармайтын болды. Осындай қуаныштың үстінде біз балаларға оқуда табыс тілейміз және соған біздің бастамамыз үлес қосады деген үміттеміз.

Сондай-ақ «Мектепке жол» атты қайырымдылық іс-шараға SMS арқылы белсенді қатысқан сіздерге және әріптестеріміз: «Kcell», «activ» және «Beeline» ұялы байланыстарына ерекше алғысымызды білдіреміз.