Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Мектепке Жол

Мектепте жақсы оқу үшін балаларға көп нәрсе керек пе? Иә, көп керек. Дәптерлер, қаламдар, қарандаштар, қақпақтар, альбом, түсті қағаз және тағы басқалар. Әр заттың бағасы да бар, олар өте қымбат болмаса да, кейбір жанұялардың қаражатына әсері мол. Сол үшін ол жанұялар тек дәптер мен қалам ала алады, себебі нан мен майға ақшасын жеткізу керек. «Не маңызды?» таңдауы ата-аналардың күнделікті мәселесі болып кеткен, ал балалары болса мектепте сабаққа қайтадан дайын келмегендіктен қызарып тұруына тура келеді.

Бірақ, осы жолы, жаңа тоқсанда Талғар, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарының әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мектепке толық сөмкемен баратын болды. Біздің «Шұғыла» қорымыз «Мектепке жол» атты шарасын өткізді. Осы шара кезінде біз 213 үйді аралап, 517 балаға мектеп құралдарын тараттық. Мектеп жиынтықтары дәптер, күнделік, пенал, қаптағыш, сызғыш, бояғыштар, фломастер, сурет дәптері, түрлі-түсті қағаздар сияқты 38 нәрседен тұрды.

Әр отбасының жағдайы әр түрлі болды, бірақ бұл көмекті бәрі ризашылықпен, қуана-қуана қабыл алды.

Юсуповтар отбасы 7 жасар баласына мектеп құралдарын алды. Бұл отбасыда одан басқа 21 жастағы ұл бар, бірақ жұмысы жоқтықтан, отбасы мүшелері тек ата-аналарының зейнетақысына өмір сүреді. Үй кенжесі мектеп құралдарын ала салып, оларды ақтара бастады. Бұл заттардың бәрі тек озінікі екеніне сене алмай таң қалып отырды.

Бекешова Жұлдыз өзінің бірінші сыныпта оқитын қызына арналған мектеп құралдарын қуана қабыл алды. Қызының оқу үлгерімі жақсы, сыйлаңған құралдарды алғаннан кейін одан да жақсаратынына сенімді. Үш балалы отбасының жағдайы мәз емес, бірақ Жұлдыздың айтуы бойынша, ең бастысы балаларының дені сау.

Сабырбекова Аида отбасының жағдайы өте қиын болып тұр. Жұбайы көп уақыт ауырған соң, жуырда қайтыс болып кетті. Қазір Аида 4 баласын жалғыс жалдамалы бөлмеде өсіріп жатыр. Кіші баласы мүгедек болғандықтан, тұрақты көмекке мұқтаж. Акшасының барлығы дәрілермен азық-түлікке әрең жетеді, сондықтан осы мектеп құралдарымен көмек бұл отбасыға өте маңызды. Аиданың айтқаны бойынша, баласы жаңа дәптерлердің керегін айтып жүрген еді. Барлық қиындықтарға қарамастан балалар, аналары сияқты күліп жүреді.

Руслан Салимов те жақын кезде әйелімен қоштасып, 4 баласын өзі бағып жатыр. Олардың барлығы мектепте оқиды, сондықтан осы көмек оларға өте маңызды. Руслан мектепте аула сыпырушы болып істейді. Оған балаларының барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету қиын, олардың үшеуі де жасөспірімдер.

Зулфия Абдулина болса біздің еріктілерімізге Қаратұрық ауданындағы үйлердің мекен-жайларын табуға көмек көрсетті. Зульфия жалғыз өзі 2 оқушы баласын өсіреді. Жұмысы жоқ, сондықтан айына балаларына алатын 4000 тенгеге өмір сүреді. Отбасы өте қарапайым бір бөлменің ішінде тұрады, бірақ үйлері жайлы, таза және жылы.

Ауылдағы жағдайдың нашар болуының негізгі себебі жұмыссыздық, әсіресе қыс кезіндегі. Өйткені жұмыс істеу мүмкіндігі тек қана жаз мезгілінде, өрістерде болады. Ата-аналар балаларын қамтамасыз ету туралы жыл бойы уайымдайды. Сондықтан мектеп құралдарын алған отбасылардың барлығы ұсынған көмек пен назарға дән риза болып қалды. Біз де «Мектепке жол» шарасын ұйымдастыруға ерікті ретінде және қаржылай көмек көрсеткендерге ризашылығымызды білдіреміз. Демеуші:

ТОО «Юнайтед Парсел Сервис UPS (КАЗ)»

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп

шұғыла қайырымдылық мектеп