Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Ең керемет күн» Алматыда 15.08.2015

{module Алматы Лучший день в году и Пора в школу 2015-08-15}

Жаз мезгілі аяқталайын деп қалды, дегенмен біздің қорымыз – «Шұғыла» Қазақстандағы KFC брендін жүргізетін «Caspian International restaurant group» компаниясымен бірге балалардың көңілін көтеруді жалғастыруда.

Үстіміздегі жылдың 15 тамызында Алматы облысы, Қарасай ауданының 4–8 сынып аралығындағы 49 оқушысы жаз мезгілінің ең қызықты күндерінің бірін өткізді. Балалар үшін ерекше көңіл көтерелік бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар жайлы автобустарға мініп, қаладағы жаңадан ашылған сауда орталықтарының бірі – Алматы Dostyk plaza-ға барды. Олар онда Cinemax Dostyk Multiple кинотеатрындағы анимацияның қиял-ғажайып әлеміне еніп кетті.
Қызықты сеанстан соң олар KFC компаниясының дәмі тіл үйіретін тағамдарына әбден тойды және олардың әрқайсысына компания тарапынан мектеп құрал-жабдықтары тарту етілді. Көңіл көтеріп, қарын тойдырып алған соң, оңтүстік астананың жас қонақтары Демалыс және мәдениет саябағына ат басын тіреді. Онда олар хайуанаттар әлемінің қызығын тамашалады. Артынша барлығы балмұздақ жеп отырып, жан-жануарлардың қызықтарын айтып, алған әсерлерін жеткізді.

Осы орайда, «Caspian International restaurant group» (KFC) және «Алматы зоологиялық саябағы» басшылығына балаларға жасаған базарлықтары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.