Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Мектепке жол» жобасы Қарағанды қаласында

{module Караганда пора в школу 2015-08-04}

Білімді бала – жарқын болашақтың кепілі!

Достар, өздеріңізге белгілі болған «Шұғыла» қоры үш жылдан бері «Мектепке жол» атты жобасы аясында жағдайы мұқтаж отбасылардың балаларына мектеп құрал-жабдықтарын тарату науқанын өткізуде. Бұл жылы да қалыс қалмаудамыз. Біздің бұл жылғы «Мектепке жол» атты жобамыз Қарағанды қаласындағы Балалар уйінде тарбиеленген азаматтардың балаларына арналған қайырымдылық көмекпен бастау алды. Өздері кеше ғана балалар уйінде тарбие көрсе де, қазір өз жеке отауларын құрып өз бүлдіршіндеріне құаныш сыйлап ата-аналық мейірімін төгуде. Бізді қуантқан жағдай да осы болды. Жобаның ұйымдастырушылары және демеушілері ретінде Жастар саясаты басқармасы, Қарағанды облысы білім басқармасы, «Шұғыла» қоғамдық қоры және «Med Co» компаниясы қатысты. Ұйымдастырылған жобаның нәтижесінде 54 балаға арналған мектеп құралдары, мектеп формасы мен ойыншықтар табысталды.