Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Жасыл қала – таза тыныс кепілі!

 {module Новое дерево – новая жизнь}

Сәуірдің 7 мен 14 күні Алатау ауданындағы «Халық» саябағында «Жасыл қала – таза тыныс кепілі» атты ағаш отырғызу акциясы өтті. Осы күндері саябақтың іші отбасыларымен бірге келген еріктілердің ықыласынан «тірілгендей» болды. Ағаш отырғызып, бір саябақты көгалдандыру – қала тұрғындары үшін үлкен абырой. Бұдан былай әрбір қатысушы осы саябақтағы өзінің ағашына қарап, осы күндердегі керемет сезімдерді есіне түсіре алады.

Өткізілген шараның нәтижелерін есепке ала отырып, қорымыз күзде тағы да осындай ағаш отырғызу акциясын ұйымдастыруды қарастырып жатыр. Сайтымыздағы анонстарды қарап жүріңіз, құрметті еріктілер.

Қорымыз акцияға қатысқан барлық еріктілерге үлкен алғысын білдіреді.