Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Анонс!!! «Жанұя жанұяға көмектеседі»

 

Құрметті достар! 13-19 қаңтар аралығында, Алматы қ. «Жанұя жанұяға көмектеседі» атты жоба аясында киім тарату шарасы өткізіледі. Әлеуметтік дүкеніміз Қарасай батыр 85 (Сейфуллин к. қиылысында) ашылады. Киім жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға және жалғыз басты аналарға таратылады.

Бұл жобаның іске асуына қажеттіліктер:
– Бөлшектеу, тасымалдау, киім тарату үшін ЕРІКТІЛЕР керек
– Қысқы жылы киімдер
– Қысқы аяқ-киімдер
– Электр жылытқыштар
– Ойыншықтар
– Киімдерді дүкенге тасымалдау үшін көлік қажет

Өз көмегіңізді әлеуметтік дүкенімізге алып келулеріңізге болады.

Бұл жобаға өз үлесіңізді қосуыңызға шақырамыз….

Ескертпе: Заттар жаңа немесе қолданылған (таза, киюге жарамды) болуы мүмкін