Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына арналған азық-түлік тарату

Достар, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына арналған азық-түлік тарату шарасы өтті. Көмек алған отбасылар ішінде Алматы қаласының отбасылары болды. Таратуға келгендердің ішінде Есіл БИЛ ата-аналары мен оқушылары да болды. Сонымен қатар қорымызға «ТОПИМ ЖИР» командасы хабарласып, қорымызда тіркелген мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратты. Барлығы 80 отбасыға көмек беріледі.

Акциямызға қаражат жинауға атсалысқандарға, келген еріктілерге және біздің қорға қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға көмектескен барлығына алғысымызды білдіреміз.

Құрметті отбасылар, егер сіздер көмек алмаған болсаңыз, мүмкін сіз:

– атаулы көмек (азық-түлік, мектеп құрал жабдықтары) алушылардың тізіміне кірмейсіз, тек киім түрінде көмек аласыз.

– келесі акцияларда көмек аласыз.