Маусымда жиналды: 2 521 205 тг
Биыл жиналды: 36 555 480 тг

Siberian Wellness компаниясынан көмек

Достар, кеше біз Алматы қаласы мен Алматы облысының дәрігерлеріне арналған витаминдер-минералды кешендердің, барлығы 500 жиынтығын тапсырдық. Бұл жиынтықтар тікелей алдыңғы шепте болған және коронавирусты науқастардың өмірін сақтап қалған батырларымыздың иммунитетін қолдауға арналған.
Қазақстандағы медициналық қызметкерлерге көрсетілетін көмек халықаралық Siberian Wellness қайырымдылық бағдарламасының бөлігі болып табылады, оның аясында Ресей, Украина, Беларуссия, Қырғызстан, Сербия дәрігерлеріне көмек көрсетілді.
Жобаларымызды қолдап, көмек көрсеткендердің барлығына алғыс айтамыз.