Мамырда жиналды: 8 477 853 тг
Биыл жиналды: 34 034 275 тг

Оттегі концентраторына қаражат жинау және тарату

 

Бәрімізге мәлім болғандай, елімізде коронавирус инфекциясының жаппай таралуына байланысты аурудың асқынуы және өлім санының күрт артуы қанның қажетті кезде оттегімен қанықпауы салдарынан да туындап жатыр. Желдеткіштер (ИВЛ) өте қымбат және олар тек жансақтау бөлімінде қолданылуда. Алайда қандағы оттегінің төмендеуіне жеткізбей, науқастарды жансақтау бөліміне әкелмей-ақ емдеуге болатын амалдар бар екен. Тыныс алу жолдары ауруларының алдын-алу үшін қолданылатын және қандағы оттегінің деңгейін уақытында жоғарылатуға мүмкіндік беретін су мен ауадан оттегі шығаратын құрылғылар бар (оттегі концентраты). Бұл қанықтылығы төмен науқастарға шын мәнінде өмір сүру мүмкіндігін береді. Ал бұл құрылғылардың бағасы желдету қондырғыларына қарағанда әлдеқайда арзан (бір механикалық желдету құрылғысының құнына шамамен 60-80 осындай оттегі концентраторларын сатып алуға болады, олардың қолдану орны екі бөлек екенін ескеру керек). Біз оттегі концентраторын сатып алып, оны аса мұқтаж науқастарға тапсыруды жоспарлап отырмыз.
Осы игі қайырлы іске ат салысқысы келген әр адам «ӨМІР СЫЙЛА» акциямызға қатыса алады.
«ӨМІР СЫЙЛА» акциямызға қатысып көмек көрсетем деушілер сайтымызда www.shugyla.kz (онлайн бағыш) немесе Рахмет қосымшасы арқылы (төлем жасау үшін сілтеме https://rahmetapp.kz/?id=3jn3KEM)

Қор реквизиті:
БСН: 071040022302
Есеп шоты: KZ686017131000053274
«Қазақстан Халық Банк» АҚ
БСК: HSBKKZKX Кбе: 18
Жинақ 12 шілдеге дейін жалғасады.
Байқағанымыздай, қазір нарыққа кіріп жатқан оттегі концентраттарының көбі Қытайдан келіп жатқандықтан, біз де концентраттарды Қытайдан делдалсыз сатып алмақшымыз. Сол жақтан кәдімгідей арзан бағаға таптық. Зауыттан тікелей сатып алу арқылы шығынды азайтып, сатып алатын құрылғы санын арттыра аламыз.
Жиналған қаражат, сатып алынған құрылғылардың саны, сондай-ақ оларды медициналық мекемелерге беру туралы есеп кейінірек болады.