Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Игілік мекені» жәрмеңкесі Астанада

{module 2015.02.21 ярмарка Астана}

    2015 жылдың 21 ақпан күні «Шұғыла» қоғамдыққоры«Хан Шатыр» ОСО-ның қонақтарына кезекті мерекелік жәрмеңке ұйымдастырды. Ойын-сауық сауда орталығының қонақтарына дәмді тағамдар мен жанды әуен ұсынылды. Акция кондитерлік және нан-бөлкеөнімдеріжәрмеңкесі түрінде өтті.
     Балаларын ертіп келген ата-аналар кондитерлік және нан-бөлкеөнімдерін алуға мүмкіндік тапты. Өз өнімдерін ұсынғандар: «Fresh food», «Coca-cola», «Cheesy», «Bon appetit» кафесі, «Tabanan», «Happy cake» кондитерлі компаниялары және қорымыздың еріктілері. Бұл мерекелік іс-шараны Астана қаласының музыкалық академиясының шәкірттері жанды әуенмен толықтырды.
     Жәрмеңке барысында жиналған қаражат сомасы 1 033 250 тенге. Қайырымдылық акциясы арқылы жиналған қаржы «Береке» жобасы аясында Ақмола облысы, Ақкөл, Аршалы және Шортанды аудандарының жағдайы төмен отбасыларына азық-түлік алуға жіберіледі.
     «Шұғыла» ҚҚ осы бір көңілді әрі ақпейілді шараны ұйымдастыруға үлес қосқандардың барлығына алғысын білдіреді. Әсіресе, «Хан Шатыр» СО әкімшілігіне өз аумағында осы шараны өткізуге жәрдемдескені үшін арнайы алғыс білдіреді.