Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Игілік мекені» атты жәрмеңке Шымкент қаласында.

{module ярмарка Шымкент 02.06.14}

Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық жәрмеңкесі Шымкент қаласында

«Шұғыла» қоғамдық қоры Шымкент қаласында Халықаралық балалар күніне орайластырылған «Игілік мекені» атты қайырымдылық жәрмеңке ұйымдастырды.

Жәрмеңке алаңы ыстық ауа-райына қарамастан адамдарға толы болды. Балаларымен бірге келген ата-аналар сатылымға қойылған түрлі моншақтан тоқылған бұйымдарды қызығушылықпен тамашалап,  сатып алып жатты.

Сонымен қатар жәрмеңке қонақтарын «Batoni» кондитерлік компаниясы және еріктілер дайындаған дәмді тағамдар, торттар, бәліштер, кекстер мен тоқаштардың тәтті иісі адамдарды тартып тұрғандай әсер қалдырды. Жәрмеңкеге арнайы жасалған палау да тамақ талғампаздары мен жұртшылықтың көңілінен шықты. Ыстықтан шөлдегендерге салқын көже, компот, шәй және жеміс сусындары ұсынылды.

Қайырымдылық жәрмеңкеден жиналған қаражат Оңтүстік Қазақстан облысының жағдайы ауыр отбасыларына көмек көрсетуге бағытталады. Қуаныш пен шаттыққа толы болған бұл шараның ұйымдастырылуына үлесін қосқан барлық жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз! Сондай-ақ, «MEGA Шымкент» сауда орталығының администрациясы осы шараны ұйымдастырып, өткізуге рұқсат бергені үшін рахметімізді айтамыз.