Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Хан Шатыр» сауда орталығындағы жәрмеңке

 {module Ярмарка в ТРК «Хан Шатыр» 17.09.13}

Осы жылдың 15 қыркүйегінде қорымыздың Астанадағы филиалы «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.

Қайырымдылық жәрмеңкелері қорымыздың игі дәстүрлерінің біріне айналып келеді. Бұл дәстүрдің әр қайсымызға берері мол. Бұл – мейірімді және парасатты болуды, өмірге басқа көзбен қарап, қолыңдағы барға қанағат етуді, күнделікті күйбең тірліктің арасында басқа адамдарды да ұмытпауды үйрететін дәстүр.

Қорымыздың еріктілері мен демеушілеріне жәрмеңкедегі барлық өнімдерді тегін ұсынып, осы шараны ұйымдастыруға атсалысқандары үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат материалдық жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетуге жұмсалады.