Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Анонс!!! «Жанұя жанұяға көмектеседі» Алматыда

    Құрметті достар! 1-8 наурыз аралығында, Алматы қаласында «Жанұя жанұяға көмектеседі» атты жоба аясында киім тарату шарасы өткізіледі.

     Әлеуметтік дүкеніміз Орбита 3, (Байқоңыр кинотеатрдың артында) №145 орта мектебінде ашылады. Киімдер жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға және жалғыз басты аналарға таратылады.  Сізді де осы қайырымды іске үлес қосуға шақырамыз!

  Өз көмегіңізді әлеуметтік дүкенімізге алып келуіңізге жол ашық. Ескерту: Заттар жаңа немесе қолданылған (таза, киюге жарамды) болуы тиіс.