Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Жанұя жанұяға көмектеседі» Алмалы ауданы

{module раздача одежды 2015.01.19} 

  2015 жылдың 13-19 қаңтардың аралығында «Шұғыла» қоғамдық қоры Қарасай батыр 85 (Сейфуллин к. қиылысы) Демократия үйінде «Жанұя жанұяға көмектеседі» жобасы аясында киім тарату шарасын өткізді. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар, көп балалы отбасылар, жалғыз басты ата-аналар, және әр-түрлі топтағы мүгедектер, жалпы 6 күн ішінде 195 отбасы «дүкеніміздің» қонақтары болды.

  Адамдардың жүзіндегі күлкі мен қуаныш біз үшін «рахмет» сөзінен әлдеқайда маңызды…

  Акция керекті мөлшерде киім жиналғаннан кейін қайта басталатынын және осыған орай жұртшылықтан киім, тұрмыстық техника қабылдау одан әрі жалғасатынын жариялаймыз. Заттарды алдын-ала хабарласып кеңсемізге алып келсеңіз болады.

  Осы шара аясында белсенді атсалысқан, күні бойы дүкенде болып, заттарды орналастыруға және отбасыларға киім таңдауға көмектескен еріктілерге ерекше алғысымызды білдіреміз.