Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Ең керемет күн» Астана қаласында.

 

{module Лучший день в году Астана 22.06}

     Жақында, 22 маусым күні кезекті мерекелік іс-шарамыз өтті. Қарағанды облысы, Осакаровка ауданы, Есіл ауылындағы Литвинский мектеп-интернатының жетім балаларына арналған шара «Ең керемет күн» деп аталды. Шара «Курага» кафесінде таңғы аспен басталды. Іле балалар СОО «Думан»-дағы Океонариумда балықтардың түр-түрін тамашалап қуанышқа бөленді. Ол жерден шыққан соң бәрі ОСО «Азия парк»-тағы «Baby park» ойындар әлеміне барды. Ойыннан әбден шаршап-шалдыққан кезде «Парасат» мейрамханасында мерекелік түскі ас ішті. Ол жерде демеушілердің қатысуымен әрі арнайы дайындалған концерттік бағдарлама, әр-түрлі ойындар, фокустар мен аниматорлар балалардың көңілін аулады.

Жетімді жебеп, балаларға қуаныш сыйлаған шараға қатысқан барлық еріктілер мен демеушілерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!