Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Ең керемет күн» Шымкент қаласында.

 

 {module Лучший день в году Шымкент 17.04.14}

     2014 жылдың 10 сәуірінде «Шұғыла» қоғамдық қорының Шымкент қаласындағы филиалы ОҚО Төле би ауданының Первомаевка ауылының №2 балалар үйіне «Ең керемет күн» жобасын өткізді.

Бұл жобаның бағдарламасы бойынша №2 балалар үйінен 73 бала алынып, Шымкент қаласындағы MEGA сауда орталығында орналасқан «Happylon» аттракциондар паркіне және «MEGA ICE» мұз айдынына апарылды.

Түскі ас уақытында «Томирис» мейрамханасында балалар үшін дастархан жайылып, «Асыл-Мұра» продюсерлік орталығы және «Дисней» ұйымының қатысуымен әртүрлі билер, әндер, ойындар, шоулар ұйымдастырылды. Соңында әр балаға жеке сыйлық табысталды.

Бұл іс-шараның керемет өтуіне балалармен бірге өткізген еріктілердің қуанышы және ең бастысы балаларымыздың қуанышы дәлел болды.

«Ең керемет күн» жобасы «Happylon» аттракциондар паркінің, «MEGA ICE» мұз айдынының, «Асыл-Мұра» продюсерлік орталығының, «Дисней» ұйымының, «Оңтүстік Тұлпар» ЖШС-нің және де шараның өткізілуіне тікелей атсалысқан еріктілеріміздің қолдауымен жүзеге асты.

Қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!