Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Қайырымдылық кеш Шымкент қаласында

 {module Благотворительный вечер в Шымкенте} 

     2014 жылдың 24 шілдесінде қорымыз Шымкентте Асхат Әбділәмиттің емделуіне қажет қаражат жинау үшін ұйымдастырылған қайырымдылық кешін өткізді. Асхат спастикалық диплегиямен ауырады, өкінішке орай, отбасының оны емдеуге қаражаты жоқ. Асхаттың ата-анасы үш баласымен екі бөлмелі кепешікте тұрады.
Біз осы балаға көмек көрсету үшін жәрдем жинауды шештік. Біз бұл игі іс қайырымды адамдардың арқасында жүзеге асты деп білеміз, сондықтан осы кешке келіп, көмек көрсетуге атсалысқандарға алғысымызды айтамыз.
     Бұл шара «Алтын шаңырақ» мейрамханасында өтті. Мейрамхананың залы жанашырлық танытып келген қонақтарға толы болды. Отандастарымыздың белсенділігіне ризалығымызды білдіріп, алдағы уақытта басқа да жобаларымызда қолдауларын көреміз деп үміттенеміз. Қайырымдылық кешке барлығы 312 адам қатысты. Бұл кеште конверт арқылы жәрдем жинау тәжірибесін жалғастыруды жөн көрдік. Енді біз баланың емі мен сауықтыру шараларын ұйымдастырамыз, бұл туралы сайтымыздың жаңалықтарынан біліп тұрасыз.
     «Асыл-Мұра» өнер орталығы мен «Алтын шаңырақ» мейрамханасының әкімшілігіне ерекше алғысымызды білдіреміз.