Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Нұрасыл Жұмағұлов ем қабылдады

 {module Нурасыл Джумагулов прошел лечение 18.10.13}

Қорымыз баршаңызға жақсы хабар жеткізуге асығады. Естеріңізде болса, осы жылдың 5 тамызында Астана қаласында Нұрасыл Жұмағұловтың еміне қаражат жинау үшін қайырымдылық кешін өткізген болатынбыз. Енді жиналған қаражатқа осы баланың емделуі үшін алғашқы қадамдар жасалып жатыр.

Нұрасыл Алматыдағы «Aspasia» жүйке аурулары және сауықтыру орталығында үш апталық ем қабылдады. Осы емнің нәтижесінде балада жұту рефлексі пайда болып, басын өз бетінше ұстай алатын болды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Нұрасыл жұта алмайтын, тамақ жеуі қиын болғандықтан, ас қорыту жүйесі дұрыс жұмыс істемейтін.

Біз Нұрасыл Жұмағұловтың сауықтыру шараларын бұдан әрі жалғастыруды жоспарлаудамыз.

Нұрасылға көмектесу үшін қайырымдылық кешінде өз үлестерін қосқан баршаға алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, «Aspasia» сауықтыру орталығының дәрігерлері мен қызметкерлеріне өз кәсіптеріне жауапкершілікпен қарап, аса қамқорлық көрсеткендері үшін рақмет айтамыз.