Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Қордың көмегі – сіздердің көмектеріңіз

 {module Бижамал ДЦП}

    ДЦП диагнозы бар баласына қайырымды жандардың көмек бергенін көру ата-ананың көңілін толқытатыны анық. Ал кішкентай науқас баламен қараусыз жалғыз қалған ананың көз жасын көру тіптен қиын.

  Өкінішке қарай, осы ауруға 2004 жылы Қырықбаева Бижамал Избасханова тап болып, жағдай болмағандықтан күйеуі екеуі ауру баланы дәрігерге қарата алмады. 2009 ж. екі баланың анасы Бижамал өзіне демеу болып жүрген жұбайынан да қапыда айырылып қалды. Бұған қоса, тұрғылықты тіркеуден айырылып, ешқандай өтемақы алмады. Бижамал осындай қиын жағдайда балаларын асырау үшін ауылда біреуге үй шаруашылығына көмектесуге жалданды. 2014 жылдың Қазан айында туыстарының көмегімен қалада тұрғылықты тіркеуін алды. Содан кейін барып әлеуметтік көмекке қолы жетіп, өкіметтен өтемақы алды. Ал қараша айында «Шұғыла» қоғамдық қорына сал ауруымен ауыратын тұрмыс-жағдайы төмен отбасы ретінде жобаға кіріп, 10 жасар Марал қордың көмегімен емдік шараларын алуды бастады. Баланың қазіргі кездегі денсаулық жағдайын анықтау үшін, медициналық орталықтарда тексеруден өткізуіне жәрдемдесті.Жоғары санаттағы білікті кинезатерапевт мамандарының көрсеткен емдік шараларының нәтижесі, баланың денесінің тек қана физикалық жетілуіне ғана емес, сонымен қатар, ақыл-ой санасының жетілуіне де ықпал етті.Маралда өмірге деген құштарлық сезімі оянды, жақындарының, анасының жылуын сезіне бастадыАл ең бастысы, өмірінде алғаш рет өз аяғымен қадам басты. Бұл қадам ол үшін нағыз жетістік болып саналады, ал анасының көзіндегі қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес.

   Ауру қызынан бөлек Бижамал Қырықпаеваның тұрмыс ауыртпашылығы да жоқ емес. Қорымыз ол кісіге айтарлықтай көмек беруде. Мысалы, бүгінгі процедураға Маралдың киген киімі әлеуметтік дүкеннен алынды, ал Бижамалдың жанұясы ай сайын азық-түлік себетін алып тұрады.

   Осындай қиын жағдайда қиналып жүрген жанұялар аз емес, біз оларға барынша назар аударамыз. Әттең, бәріне де көңіл бөлгіміз келеді.
Қордың көмегі – ол сіздердің көмектеріңіз екенін ұмытпаңыздар.