Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Sinooil «Шұғыла» қорымен серіктес болды.

 

   Жанар-жағармай жеткізу саласында Қазақстан бойынша алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі Sinooil «Шұғыла» қоғамдық қорымен «Церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға оңалту бағдарламасы» жобасына серіктес болды. Бұл шара мүгедек балалардың емделуіне тың серпіліс әкелмек. Sinooil-дың жанар-жағармай құятын нүктелерінде осыған үлес қосам деп ниет білдірушілерге арнайы жәшік қойылады. Түскен қаржы түгелдей мүгедек балаларға аударылады.
   «Шұғыла» қоғамдық қоры тарапынан әрбір ата-анамен арнайы келісімшарт жасасу қарастырылған. Бұл көмек Sinooil компаниясымен іріктей отырып, әсіресе жағдайы нашар отбасылардың балаларына көрсетіледі.

  Шараның қорытындысымен www.shugyla.kz. сайтында таныса аласыздар!