Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Анонс: «Мағыналы күн» Шымкент қаласында

 

«Бір елдің өркениет дәрежесі, өмір сүрген жерінде ағаш егу мәдениетін қалыптастырғанымен өлшенеді».

АҚШ президенті Франклин Рузвельт

Көктем мезгілі басталған соң адамзаттың алдында тұрған басты парыздарының бірі – ағаш егу. Адамзатқа теңдессіз, қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан ағаштың маңыздылығын айтып жеткізу өте қиын. Адамның бір минутта өмір сүре алмайтыны ауа болса, сол ауаны жасайтын, тазалайтын ағаш. Жыл өткен сайын құрғақшылық артып, экологияның күрт бұзылуына тікелей ағаштардың, ормандардың азаюы себеп болып отыр. Осы мәселелерді ескере отырып, ұрпағымызға ағаш егу мәдениетін қазірден бастап үйрету керек.

Бір жағынан, «ағаш егу» келешекті ойлауға, эгоизмнен арылуға тәрбиелейді. Бір сөзбен айтқанда, ағаш егу – өзіңнен басқа адамдарды да сыйлағандығыңды көрсетеді. Өзге адамдарға таза ауа сыйлағаныңмен пара-пар.
Сондықтан шамамыз жеткенше ағаш егейік. Сонда қоршаған ортамыз шаң, көңіліміз алаң болмас еді.
21 наурыз күні (сағат 10.00) Шымкент қаласы, Ипподромның жанында, «Этнопарк» саябағында ағаш отырғызу шарасы өтеді.
Бір ағаш отырғызу құны 4000 тг. Осы бағаға көшет, ағаштарды жеткізу, отырғызуға қажетті кұрал-жабдықтар, тыңайтқыштар және басқа ұйымдастыру шығындары кіреді.

Шараға қатысуға ниеті бар болғандар қордың кассасына алдын ала төлем жасап, ағаш отырғызу күні «Этнопарк» саябағына келуі қажет. Толығырақ ақпарат үшін: 8 (7252) 36 10 37 нөміріне хабарласыңыз.

Бару жол бағыты:

https://www.google.kz/maps/place/monument+550/

2016-03-19 15 09 47-monument 550 - Google Maps 2016-03-19 15 10 03-monument 550 - Google Maps