Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Мағыналы күн» Шымкент қаласында

{module День со смыслом в г. Шымкент}

   Сәуірдің 5-күні Нұрсәт ықшам ауданында орналасқан «Астана» саябағында «Жасыл қала – таза тыныс кепілі» атты ағаш отырғызу акциясы өтті. Осы күні саябақтың іші отбасыларымен бірге келген еріктілердің ықыласынан ерекше жанданып сала берді. Шамамен 280 арша ағашы отырғызылды. Ағаш отырғызып, бір саябақты көгалдандыру – қала тұрғындары үшін үлкен абырой.

  Бұған қоса, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жағдайы нашар отбасыларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге еріктілердің дайындаған дәмді тағамдары мен әртүрлі сусындар және арнайы жасалған палау да тамақ талғампаздары мен жұртшылықтың көңілінен шықты.

   Жалпы еріктілер мен қонақтарымыз қаламыз үшін ағаш отырғызу және жәрмеңкеге қатысу арқылы бір күнін МАҒЫНАЛЫ да әрі ЕРЕКШЕ өткізді.

    Қуаныш пен шаттыққа толы болған бұл шараның ұйымдастырылуына үлес қосқан барлық жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз!