Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Береке» Samsung компаниясымен.

{module береке с Самсунг}

     «Шұғыла» қоғамдық қоры ай сайын «Береке» жобасымен көмекке мұқтаж отбасыларға аздап болса да көмектеседі. Осы жолы Алматы облысы, Қарасай ауданындағы тұрмысы нашар 20 отбасыға «Самсунг» компаниясы бөлген шаңсорғыш пен азық-түлік себетін тараттық. 

  «Береке» жобасы бізге үнемі көмек қолын созып жүрген еріктілердің арқасында жүргізіліп жатқандығын айтпай кетуге болмас. Ерікті Жұбанаев Нышанбек бірнеше жыл бойы көмектесіп келеді: «Көмекке мұқтаж отбасыларды көріп, олардың қандай жағдайда тұратындығын көрген кезде, менің барлық жеке мәселелерім түкке тұрмайтын болып қалады. Мен ойлаймын, өз жағдайымды жақсартуға толық мүмкіндігім бар. Ал, жағдайы расында төмен отбасыларға үнемі көмек қажет».
   Осындай отбасылардың бірқатарымен таныс болыңыздар – олар өмірдің қиын кезінде жалғыз қалған көп балалы аналар.
   Айгүл Дусанова – Шамалған ауылында 7 баласымен тұрады, оның ең үлкені 10-сыныпта оқиды. Бір жыл бұрын жолдасынан қапыда айрылып қалған. Қазіргі күні зейнеткерлік қорында жинақталған қаржысының, көршілерінің көмегімен толық салынып бітпеген үй құрылысын жалғастыруда.
Көз жасына ерік бере отырып, Айгүл осы жағдайдың бәрі қиынға соғатынын, бірақ ең бастысы, ол үшін бірінші орында-балаларын аяққа тұрғызу керек екенін айтады.
    Осы уақытқа дейін қор тарапынан балаларына кеңсе тауарларымен болса да көмек берілгеніне дән риза.
   Қаскелең қаласында 6 баланың анасы Сәуле Жылқыайдарқызы тұрады. Бұл үйдің асыраушысы – үлкен ұлы. Дегенмен де, оның тапқан азғантай жалақысы неге жетеді; егер де өздері жалдамалы пәтерде тұрып жатса? Осындай өмірдің қиыншылығында өмір сүріп жатқан Сәуле қор еріктілеріне жасаған көмектері мен үйіне жылу сыйлағаны үшін алғысын білдіруде.
 Осы ауылда тұратын 6 баласы және келінімен бірге кішкентай пәтерде тұратын Шолпан Баймомынованың да отбасына көмектестік. Біз келген сәтте Шолпанның өзі болмады, бірақ тұрмыстарының төмен екендігі есіктен кіргеннен-ақ көрініп тұрды.
  Тұрғын үй мәселесі жоғарыда аталған отбасыларда ғана емес, сондай-ақ басқа да жанұялар да кездесетін шешімін табуы күрделі мәселе.
   Осындай отбасылға ақшалай не қол еңбегімен көмектесу – біздің өз қолымызда!
 Қандай көмек болса да жасай білейік, қиналып жүрген жандардың тағдырына немқұрайлы қарамайық!