Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

«Мектепке жол» жобасы Алматы облысында 29.08.2015

{module Пора в школу Алматы 2015-08-29}

1 қыркүйек – балалар мен олардың отбасылары үшін ерекше күн. Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалғанда «Шұғыла» қоғамдық қоры «Эйр Астана» компаниясымен бірге Алматы облысы Талғар ауданындағы көп балалы тұрмысы төмен отбасыларды қуантып үлгерді. Қоғамдық қор мен авиакомпанияның ерікті көмекшілері балаларға мектеп құрал-жабдықтары салынған рюкзактар тарту етті.

Тарту етілген мектеп құрал-жабдықтары арқылы әрбір отбасы қуанышқа бөленді, себебі олардың барлығы дәл қазіргі уақытта тұрмыстың тауқыметін тартуда. Мысалы, Еламан ауылындағы отағасы жұмыссыз, әйелі үйде бала-шағаға бас-көз болып отырған отбасы тарту етілген мектеп құрал-жабдықтарын қуана-қуана қабыл алды және балаларына жасалған қамқорлыққа дән риза болып, алғысын білдірді, себебі отбасыдағы осындай қиын жағдайда үш баланы мектепке дайындау оңай емес. Көмек берілген жанұялардың арасында мектепке баратын 5-6 баласы бар отбасылар да болды. «Осындай қамқорлық – бізге үлкен көмек», – деп ағынан жарылды аналардың бірі.