Боралдайға жақын, Алатау ауданындағы Мадениет ықшам ауданында орналасқан жатақхана туралы қысқаша мәлемет. Жатақхана Береке қорына тиесілі. Ол жерде тек қана үйді жалға алуға шамасы жетпейтін жалғыс басты аналар тұрады. Олардың біреуі – Егінбаева Күлжан.
Ол жалғыз өзі 6 баланы асырап отыр. Қазір 2 бөлмелі үйде тұрады. Үйлерінде жиһаздан шкаф, үстел, орындықтар, диван, төсек, және ескі теледидар бар. Бірақ ең қажетті нәрсе – тоңазытқыштары жоқ екен. Тоңазытқыштың жоқ болуы 6 баланы асырап жатқан анаға қандай қиын мәселе екені айтпаса да түсінікті.
Осы жатақханада барлығы 4 отбасының тоңазытқыштары жоқ екен.
Сіздерден осы аналарға көмектесулеріңізді сұраймыз. Кім жасап тұрған тоңазытқыш бере алатын болса, немесе тоңазытқыш сатып алуға үлесін қоса алса, қорымызға хабарлассын: +7 (727) 337 52 73